«Завод КазАрматура» ЖШС өзінің еңбек ресурстарын жоғары бағалайды, жұмысқа байланысты жарақаттардың алдын алу және денсаулық жағдайының нашарлауы үшін қауіпсіз және денсаулық үшін қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтылады. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығы өндіріс нәтижелеріне қатысты басым болып табылады.

Саясаттың негізгі мақсаттары:

  1. Жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.
  2. Жазатайым оқиғалардың алдын алу.
  3. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына ықтимал зиян келтірумен байланысты қауіпті жою және тәуекелді азайту.
  4. Жұмыскерлермен консультациялар өткізу және олардың өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету.
  5. Барабар басқару шешімдерін қабылдау үшін, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде жедел ақпарат алуды қамтамасыз ету.
  6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы жұмыскерлердің кәсіби деңгейін тұрақты арттыру.
  7. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін үнемі жақсарту және өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да шаралар қабылдау.
  8. ДС және ЕҚҚ менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру.

«Завод КазАрматура» ЖШС басшылығы Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық және нормативтік-құқықтық талаптарына, оның ішінде стандарттардың, ҚНжЕ, СанЕменН талаптарына, сондай-ақ ДС және ЕҚҚ саласындағы қауіптерге қатысты ұйым қабылдайтын басқа да талаптарға сәйкес келуге міндеттенеді. Ұйым өндірістік жарақаттанудың және сырқаттанушылықтың алдын алу, жұмыс орындарында қауіптер мен тәуекелдерді алдын ала анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды.

«Завод КазАрматура» ЖШС мұнай-газ секторы үшін бекітпе арматурасын өндіру жөніндегі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады, сондай-ақ ISO 45001:2018 (ҚР СТ ISO 45001-2019) халықаралық стандартын ұстанады.

Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында «Завод КазАрматура» ЖШС мыналарды жүзеге асырады:

  1. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.
  2. Жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту.
  3. Оның қауіпсіздігіне тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін негізгі технологиялық жабдықтың паспортталуын қоса алғанда, өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  4. Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  5. Жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және ЖҚҚ қамтамасыз ету.
  6. Оңтайлы еңбек және демалыс жағдайларын қамтамасыз ету.
  7. Өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  8. Өндірістік жабдықтың қауіпсіздікке сәйкестігін мерзімді бағалау.
  9. Жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру және есепке алу.
  10. Жұмыскерлерді қауіпсіздік техникасы және атқаратын лауазымы туралы білім тұрғысынан мерзімді аттестаттаудан өткізу.
  11. Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын мерзімді аттестаттау.
  12. Жарақаттануды және кәсіптік ауруларды болдырмау үшін кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу және қамтамасыз ету.

«Завод КазАрматура» ЖШС басшылығы жұмыскерлерден мыналарды күтеді:

  1. Соблюдение требований охраны труда и техники безопасности.
  2. Жұмыскерлердің жеке қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатысты қажетті дәрежедегі қамқорлықпен әрекет етуін.

Саясат «Завод КазАрматура» ЖШС барлық жұмыскерлеріне, сондай-ақ Серіктестік объектілерінде қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлеріне қолданылады.

expand_less