«Завод КазАрматура» ЖШС негізгі қызмет саласы – энергетика және мұназ-газ секторлары үшін құбыр арматурасын, мұнай және газ өндіруге арналған жабдық өндіру, сонымен қатар оларды әрі қарай тасымалдау.
Біздің Компаниямыздың қызметінің жоғары басымдығы уақытпен тексерілген технологиялық әзірлемелер, сондай-ақ шетелде (Жапония, Германия, Корея) өндірілген ең жаңа инновациялық жабдық қолданылып жасалған дайын өнім сапасы болып табылады.
Сапа дегеніміз – тұтынушылардың сұранымдарын қанағаттандырудың кілті және Компанияның беделі мен өркендеуінің құрамдастырушы бөлігі.
Сапа мұнай-газ жабдығын, сонымен қатар кәсіпорындар жұмылдырылған, жалпы кәсіптік және энергетикалық құбыр арматурасын өндіру мен пайдалануда зор тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардың тәжірибесіне тікелей байланысты болады. Энергетика және мұнай-газ секторларына арналған құбыр арматурасын, мұнай және газ өндіруге арналған жабдықты өндіру нарығында Компанияның басымдылығына жету және оны сақтап қалу үшін осы сапа саласындағы саясат қабылданады:
«Завод КазАрматура» ЖШС шығаратын өнімнің сапасы – бұл Сатып алушының қажеттіліктері мен үміттеріне толық сәйкесу.
Біз жауапты объектілерге жұмыс істейміз, сондықтан шығаратын өніміміздің сапасы шарттық бағаға тәуелсіз болады және әрдайым барынша жоғары болуы тиіс. Біз сапаны Сатып алушының біздің өнімді таңдауының және біздің тұрақты Сатып алушымыз болып қалуының бірден бір себебі деп санаймыз.
Қабылданған саясат:
- тапсырыс берушілеріміздің талаптарын (сенімдерін) дайын өнім сапасы деңгейінде қанағаттандыру;
- заңнаманың, нормативтік-техникалық және тендерлік құжаттаманың, жасалған келісімшарттардың талаптарын мүлтіксіз орындау;
- өзіміздің Сатып алушыларымызбен және Әріптестерімізбен өзара тиімді және ұзақ мерзімдік ынтымақтастық.
Негізінде энергетика және мұнай-газ секторларына арналған құбыр арматурасын, мұнай мен газ өндіруге арналған жабдықты өндіру саласындағы сапа мен бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді болжайды.
Қабылданатын саясатқа сәйкес «Завод КазАрматура» ЖШС басшылығы сапа саласындағы негізгі мақсаттарды айқындайды және өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:
- Сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001-2015 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес тиімді жұмыс істеуін және жетілдірілуін қамтамасыз ету.
- Барлық персоналдың шығарылатын өнім сапасын қамтамасыз етуге, игеруге және жақсартуға бағытталған жұмысын ынталандыруды жүзеге асыру.
- Жоғары білікті кадрлар кәсіпорынның стратегиялық ресурсы болып табылатынын түсіне отырып, өз персоналының біліктілігі мен кәсіби дайындық деңгейін жүйелі түрде арттыруды қамтамасыз ету.
- Өндірістік әлеуетті табжылмай дамыту, шығарылатын өнімнің тізімін кеңейту және қажетті заманауи машиналарды, білдектерді және жабдықтарды үнемі сатып алып отыру.
Басшылық сапа саласындағы қабылданған саясат пен мақсаттарды іске асыру үшін жауапкершілік арқалайды және «Завод КазАрматура» ЖШС барлық жұмыскерлерін оларды іске асыруға белсенді араласуға шақырады.
«Завод КазАрматура» ЖШС
директор
Мейрамкулов М.М.
19.01.2021 ж.